Оқиға

Маңғыстау облысында 24 жастағы ер азамат екі айға жуық уақыт бойы табылмай жатыр

  • Маңғыстау облысында 24 жастағы ер азамат екі айға жуық уақыт бойы табылмай жатыр

    Маңғыстау облысында 24 жастағы ер азамат екі айға жуық уақыт бойы табылмай жатыр

Маңғыстау облысында 24 жастағы ер азамат із-түссіз жоғалып кеткен. Туыстары оны екі айға жуық уақыт іздеп жатқандарын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” порталына сілтеме жасап.

Жоғалып кеткен Азамат Садуақасовтың жақындарының сөзінше, ол 10 тамыз күні үйінен шығып, қайтып оралмаған. Оның жоғалғаны туралы хабар полицейлерге 22 тамызда түскен. 

 
11 қыркүйекте ауыл тұрғындары Азаматқа ұқсас ер адамды көргендерін айтыпты. Дегенмен, туыстары оны айтқан жерден таба алмаған. 

Бұған қоса, полиция қызметкерлері бір адамның денесі теңізден табылғанын хабарлап, оның суретін көрсетіпті. Алайда жақындары мәйіттің Азаматқа ұқсамайтынын жеткізген. Кейіннен анықталғандай, ер адамның мүрдесі 17 күн мәйітханада жатып, артынша жерленген. Қазіргі таңда ДНҚ сараптамалары тағайындалған. 

Ер адамның үйленгеніне әлі бір жыл болмапты. Ол келесі айда 25 жасқа толады. Азамат Садуақасовтың үстінде жоғалған күні қара шолақ шалбар мен футболка болған. Егер оны кезіктерген жандар болса, мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8702958719,  87753285512.




Көрілген: 341    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 09:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31