Маңғыстау облысында әкім қамауға алынды

17 қаңтар 2022, 18:09

Форт-Шевченко қаласының әкімі көлікті мас күйде жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Lada.kz.

 

Форт-Шевченко әкімі Шалқыбай Әзірбаев ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша сот алдына келді.

 

Сот шенеуніктің Toyota Camry көлігін мас күйінде басқарғанын анықтады. Ол Ақтауда Форт-Шевченко автожолының 3-шақырымында ұсталды.

 

Сараптама оның жеңіл дәрежеде мас болғанын растады.

 

Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі аталған тәртіпбұзушылық 15 күнде қамауға алу және жүргізуші куәлігінен 7 жылға айыру жазасын көздейтінін алға тартты.

 

"Әзірбаев сот отырысында өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол алкогольді ішімдік ішпегенін, сыртқаттануына байланысты мойнын спиртпен сүрткенін айтты",-деді сотта.

 

Мемлекеттік айыптау мемлекеттік қызметкерді кінәлі деп тануды сұрады. Ол 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

kaz.nur.kz