Оқиға

Маңғыстау облысында ер адам ауруханада өз-өзіне қол салды

  • © lada.kz

    © lada.kz

15 маусымда Маңғыстау облысында 1983 жылғы ер адам аурухананың алтыншы қабатынан секіріп кеткен. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, - деп хабарлайды "Лада" облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Басқарма өкілдерінің мәліметінше, шамамен сағат 10:00-де Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасы бас ауруына және екі санның жарақатына шағымданған № 5 ықшамуданнан келген науқасты жеткізді. Тексеру кезінде пациенттің жалпы жағдайы тұрақты болды. Ер адамның есі түзу, өзін адекват ұстаған. Дәрігерлердің сұрақтарына дұрыс жауап берген.


"Жамбасын қарау кезінде ішкі беттерде кесілгені анықталған. Кезекші травматолог және хирург жарақаттарға алғашқы хирургиялық өңдеу шараларын жасады. Содан кейін науқас анализ алу үшін "сары аймаққа" жіберілді. Содан кейін санитармен бірге еріп барған науқса краниографи жүргізу үшін 6-қабатқа көтерілген. Кезекші санитардың айтуынша, науқас осы қабатқа жеткенде белгісіз бағытта қаша жөнелген. Аурухана қызметкерлері аурухана ғимаратында науқасты іздей бастаған, бірақ сәтсіз. Оқиға туралы полицияға хабарланған, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.


Сағат 14:00 шамасында, ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, аурухана ауласының аумағынан науқастың мәйіті табылған.


"Ер адамның мәйіті анықталғаннан кейін біз бұл туралы полицияға қайта хабарладық. Оқиға себептерін полиция қызметкерлері анықтайды", - деді ведомство өкілдері.


Осы дерек Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде "өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу"бабы бойынша тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Еске салайық, 19 маусымда Ақтау қаласындағы №1 емханасының алтыншы қабатының терезесін сындырып, ер адам өзіне қол жұмсамақ болған. Кейінірек, ер адам психиатриялық есепте тұрып, медициналық мекемеге тексерілуге келгені анықталды.


Тengrinews.kz 




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 16:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 11:45
    Миялыдағы ажалды апат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31