Оқиға

Маңғыстау облысында кен орнындағы өрт жалғасып жатыр (видео)

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Маңғыстау облысындағы "Қаламқас" мұнай кен орнындағы өрт 20 сағаттай жалғасып жатыр, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, сағат 21.00-дегі жағдай бойынша "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның "Қаламқас" кен орнында өртті (грифон) жою және оқшаулау үшін жедел штаб құрылды.


"Қазіргі уақытта жедел штабтың шешімі бойынша №8237 ұңғыма алаңындағы бұрғылау құралдарын қауіпсіз қашықтыққа апару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.


25 наурызда сағат 04.40-та №8237 авариялық ұңғымада грифон өздігінен жана бастады.


"Маңғыстау ауданында "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ "Қаламқас" кен орнындағы мұнай ұңғымасында 900 шаршы метр алаңда биіктігі 10 метр грифонның газ су аралас ашық отпен лаулаған. Зардап шеккендер және қаза тапқандар жоқ", - ҚР ТЖ комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.


 




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.03.2019, 09:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31