Маңғыстау облысында көлік түйемен соқтығысып, жолаушы көз жұмды

18 қазан 2021, 17:02

7 қазан күні сағат 00:30 шамасында Бейнеу полиция бөлімінің кезекші бөліміне Бейнеу-Боранқұл тас жолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

 

Мәліметке сәйкес, «ГАЗ-3110» автокөлігін басқарған 1949 жылы туған жүргізуші жолға шығып кеткен түйемен соқтығысқан.

 

Нәтижесінде бір жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды.

 

Полицейлер әзірге қараусыз жайылып жүрген түйенің иесін тапқан жоқ.

 

 – Сотқа дейінгі тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады полициядан.

 

 

 

24.kz