Оқиға

Маңғыстау тұрғыны қалыңмалды қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді

  • Маңғыстау тұрғыны қалыңмалды қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді

    Маңғыстау тұрғыны қалыңмалды қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді

Маңғыстау облысында екі жыл некеде болған ер адам ажырасуға арыз беріп, әйелі мен оның туыстарынан қалыңмалды қайтаруды талап етті. Аталған іс бойынша үкімді облыс сотының баспасөз қызметі жариялады.

Талапкер жауапкер мен оның ата-анасынан 800 000 теңгені, гауһар тастармен көмкерілген алтын бұйымдарды, екі кілем мен қалыңмал ретінде берілген 1 615 000 теңгені өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген, – деп жазады  sputnik.kz.

Дегенмен ол жауапкерлердің мүліктік зиян келтіргені немесе қандай да бір міндеттеме алғаны туралы дәлел ұсынбаған.

 
«Қазақтың салт–дәстүрі бойынша жастар некеге тұрғанда олардың ата–анасы арасында ескі әдет-ғұрыптар жасалады, ал берілген заттарды қайтару талабы қолданыстағы заңнамамен реттелмеген, яғни тараптар арасында ерікті түрде берілген дүние-мүлікті қайтарып  алуға қатысты ешқандай міндеттеме жоқ«, – деп түсіндірді сот.

Сот ер адамның талап арызын қанағаттандырудан бас тартты. Дегенмен ол апелляцияға шағым түсіріп, сотқа берілген талап-арыз бойынша жаңа шешім шығаруды, куәларды шақырып, олардан жауап алуды сұрады. Сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырмады, сот шешімі өзгеріссіз қалды.

aikyn.kz




Көрілген: 427    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 09:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31