Маңғыстауда 25 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

18 сәуір 2022, 00:41

Маңғыстау облысында наурызда жоғалған адамды тікұшақпен іздеп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 15 сәуір күні департаменттің жедел тобы «Қазавиақұтқарудың» МИ-8 тікұшағымен іздеу жұмысына аттанды.

 

Топ құрамында ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Б. К. Әбдіқадыров, құтқарушылар мен дәрігер болды.

 

Олар 29 наурыз сағат 11.00-де Бейнеу ауданындағы үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған 1996 жылы туған азаматшаны іздеуге жұмылды. Сағат 11.40-та Бейнеу ауылында жедел топқа тағы 5 адам қосылды.

 

Тікұшақ Бейнеу ауылының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде 50 шақырым радиуста төмен биіктікте ұшты. Ойпаттарға, шатқалдар мен жартастарға ерекше назар аударылды.

 

Дегенмен іздеу жұмысы нәтиже берген жоқ.