Оқиға

Маңғыстауда 9 адам газдан уланып қалды

  • https://ulpravda.ru/

    https://ulpravda.ru/

Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында 9 адам газдан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

 

Департамент бастығының орынбасары Мұрат Мұхановтың мәліметінше, оқыс оқиға кеше кешкісін болған. Екі бөлмелі жер үйде тұратын отбасыға ағасы бала-шағасымен қонаққа келеді. Тамақ пісіру үшін газ баллонын қолданған. Екі отбасы бала-шағасымен кешкі ас ішіп отырғанда кезекпен әлсіреп, құлай бастайды. Ересектердің бірі әзер орнынан тұрып, сыртқы есікті ашып, жедел-жәрдем шақырады. Зардап шеккендердің барлығы аман қалды.

 

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, 3 бірлік техника жұмылдырылды. Уақытша баспанада газ жылытқышының ақауынан газ тарай бастаған. Осы мекенжайда департамент қызметкерлері 29 тамыз күні және 17 қараша күндері өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізген, &ndash деді М.Мұханов.

 

Ересектер облыстық ауруханаға, ал балалар Ақтаудағы балалар ауруханасына жеткізіледі. 8 баланың 4-уі қазір үйлеріне жіберілді. Ал үйдің иесі мен 4 бала ауруханада ем алуда.

 

Әлсіздік, сотурацияның аздап төмендеуі сияқты клиникалық белгілері бар балалар ауруханаға жатқызылды. 2011 жылғы бала ең үлкені, 7 жастағы бала, 2 жастағы бала және 10 айлық бала. Қазіргі таңда олардың жағдайы, тыныс алу жиіліктері қалыпты. Сотурациясы көтерілді. Инфузиондық ем алды. Енді олардан анализ алынып, нәтиесіебйланысты емін жалғастырады, &ndash деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Гүлжан Ермекбаева.

 

 

BAQ.KZ

 




Көрілген: 152    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 00:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31