Оқиға

Маңғыстауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам мерт болды

  • © Lada.kz

    © Lada.kz

Маңғыстау облысының «Шетпе – Таушық» тасжолында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz ресурсына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 18 қаңтар күні Ақтау қаласынан 100 шақырым қашықтықта болған. Hyundai маркалы автобус пен Hyundai Starex көлігі соқтығысқан.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына 4 жедел жәрдем көлігі және бір санитарлық авиация бригадасы барған. Жол апатынан 6 адам зардап шекті. Барлығы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарақат алғандардың екеуі көз жұмған.

Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 




Көрілген: 231    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.01.2020, 09:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29