Оқиға

Маңғыстауда полицейлер арқар атқан

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Заңды белшесінен басқандардың жұмыстан шығарылғандығы туралы Маңғыстау облысының Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Әлемжеліде желдей ескен кадрлар көптің жағасын ұстатты. Таспада қаскөйлер табиғат қорғаушыларын көре сала, қаша жөнелген.

 

Кейін анықталғандай бет-жүзін бүркеген төрт браконьердің екеуі полиция қызметкері болып шықты. Қазір арқар атқан аңшылар ұсталды.

 

«Шетпе ауылының төрт азаматы, әрқайсының қолында бір-бірден мылтық болған. Көлікті тексеру, қару-жарақты алу, олжалаған өнімнің хаттамасы толтырылып, Маңғыстау ауданының полиция бөліміне тапсырылды. Ішінде екі полиция қызметкері бар екені белгілі болды. Табиғат қорғаушыларының мәліметінше, заңсыз аң аулауға шыққан тәртіп сақшылары инспекторларды сөзге тартып, жазадан құтылып кетуге әрекеттенген», - деді, «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Омар Сәрсенғазиев.

 

Қаскөйлер ерекше қорғалатын «Қызылсай» табиғи паркінің аумағында көлікпен емін-еркін жүрген. Табиғат қорғаушылары браконьерлерді 100 шақырымдай қуып жүріп ұстаған.

 

 Мамандардың айтуынша, көліктен төрт аңшы мылтығы мен жабайы аңның еті тәркіленген. Қазір қызыл кітапқа енген түз тағысын атқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Видео:  https://vk.com/video-166484109_456239173

 

 




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 17:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30