Маңғыстауда такси жүргізушісін тепкілеген әйел жазаланбайтын болды

25 мамыр 2022, 10:19

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жолаушы әйел мен такси жүргізушісінің арасындағы жанжал болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

22 мамыр күні сағат 08.30 шамасында полицияға жолаушы мен жүргізушінің арасындағы жанжал туралы хабарлама келіп түскен.  Ұрыс-керістің кесірінен такси жүргізушісі жолаушыны діттеген жеріне жеткізіп тастаудан бас тартқан.

 

Әлеуметтік желіде тараған видеода әйел такси жүргізушісін тепкілеп жатқаны көрсетілген.

 

«59 жастағы әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Сондықтан ол әкімшілік және басқа да жауапқа тартылмайды. Ауруханаға емделуге жіберіледі», – деді полицей.