Маңғыстауда теміржолшылар құм басқан жолды тазартып жатыр

03 мамыр 2022, 20:32

Құмды дауыл теміржолға қауіп төндіргендіктен Бейнеу-Маңғыстау аумағындағы 10 рзд-Маната, 14 рзд-15 рзд сатыларында пойыздардың жылдамдығы сағатына 25 шақырымға шектелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вaq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

 

Осы себепті Ақтөбе-Маңғыстау бағытындағы №110 пойыз Маңғыстау станциясына 42 минутқа кешігіп жетті.

 

Өткен тәулікте аталған учаскедегі жолды құмнан таразтуға  2 арнайы жабдықталған жол техникасымен 30 адам жұмылдырылып, 3 шақырым жол қалпына келтірілді.

 

 

Шаң-тозаң жиі көтерілетін Маңғыстау облысында теміржолшылар желіні құмнан күн сайын тазартып тұрады десе де болады.

 

Сонымен қатар, кейбір учаскелерде қамысты және шпалды тор қоршаулар орнатылады.