Оқиға

Маңғыстауда үш айлық баланың жұтқыншағынан кілт брелогы алынды

  • https://www.lada.kz/

    https://www.lada.kz/

Маңғыстауда үш айлық баланың жұтқыншағынан динозавр пішініндегі брелок алынды. Дәрігерлер оған дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

 

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 20 қаңтар күні Жаңаөзеннен шұғыл түрде сәби жеткізілді. Үш айлық баланың мұрнында бөгде зат тұрып қалған.

 

Жаңаөзен қалалық ауруханасы дәрігерлерінің оны алу әрекеттері сәтсіз болған соң, Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында дәрігер Қазбек Шүкіров балаға анестезия жасауға шешім қабылдайды. Эндоскопиялық жолмен брелокты жұтқыншақтан сәтті шығарады.

 

Бөгде зат динозавр түріндегі кілт брелогы болып шықты.

 

 

«Баланың тірі қалуы &ndash таңқалаларлық жағдай. Егер нәресте затты жұтып қойса, онда ол жұтқыншаққа жабысып, қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді», - деп түсіндірді дәрігер.

 

Ата-анасының айтуынша, баланың аузына брелокты 2 жасар әпкесі салған.

 

Дәрігерлер ата-аналардан жас балаларға мұқият қарауды сұрайды.

 

 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 15:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28