Маңғыстаудағы кен орнында жұмысшы қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

15 маусым 2022, 18:00

Қарақия аудандық полиция бөлімі бүгін түнде болған оқыс оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

«Өзенмұнайгаз» мекемесіне қарасты өндірісте мұнай ұңғымасы мен көтергіш агрегат кенет отқа оранған. 

 

Оқиға орнында «Кезби» серіктестігінде жүк көтергіш көлік жүргізуші болып жасаған ер адам мерт болды. Марқұм 45 жастағы Бейнеу ауылының тұрғыны екен.

 

Енді компания жерлеу рәсімін өткізіп, отбасына материалдық көмек көрсететін болады.

 

Мейірбек Исаев, облыстық ТЖД аға инженері:

 

- Ұңғыманың жер асты жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік номері 113 АН «Урал» маркалы автокөлігінің жануы салдарынан 1 адам оқиға орнында қаза тапты. 1979 жылы туған Абилкасов Сисен. Қазіргі таңда өрттің себебі мен шығын анықталуда.