Оқиға

Маңғыстаудағы трагедияға қатысты тың ақпарат шықты

  • © AP Photo / Luca Bruno

    © AP Photo / Luca Bruno

Дәрігерлер Бейнеу ауданындағы "ҚазМұнайТеңіз" жатақханасынан шыққан өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. 

 

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық. Бұл туралы Тумба.kz басылымы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.  

 

Зардап шеккендердің бірі – 37 жастағы Бейнеу ауданының тұрғыны. Өрт кезінде ол жанып жатқан ғимараттан шығу үшін жатақхананың терезесінен секірген. Ер адам өкше сүйегін сындырып, қолын жарақаттап алды. Ол орталық аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. 

 

Тағы бір зардап шегуші – 56 жастағы Құлсары қаласының (Атырау облысы) тұрғыны. Ол да терезеден секірген, жарақат алмады, бірақ иіс газынан уланып қалған. Ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, ол дәрігерлердің бақылауында. Жақын арада үйінде емделуге жіберіледі.

 

Зардап шеккендердің екеуі де вахталық әдіспен жұмыс істейді.

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Маңғыстау облысындағы Боранкөл кен орнында "ҚазМұнайТеңіз" компаниясының екі қабатты жатақханасы өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан екі адам – 58 жастағы ер адам (Ақтау) мен 45 жастағы әйел (Бейнеу) көз жұмды.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 17:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31