Оқиға

Мас болып қалған ер адам кредит алғанын ұмытып полицияға шағымданған

  • https://ainews.kz/

    https://ainews.kz/

Қарағанды облысында несие алғанын ұмытып кеткен ер адам полицияға жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

28 шілдеде Абай ауданының ПБ-на елді мекендердің бірінің 43 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның жеке деректерін қолдана отырып, микрокредиттік ұйымнан несие алғанын айтты.

 

Келтірілген залал көлемі 76 мың теңгені құрайды.

 

Жәбірленуші бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан. Сол күндері белгісіз біреу ұялы телефонын пайдаланып несие рәсімдеп алған.

 

Жәбірленуші бұл туралы несиені төлеу қажеттігі туралы SMS хабарлама алған кезде білген.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Полицейлер тергеу барысында анықтағандай, арызданушы мас күйінде несиені өзі алған. Қылмыстық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды.

 

Бұл ретте ішкі істер органдарында бұрынғы жәбірленушіге қатысты 419-бап (Қылмысты біле тұра жалған жариялау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

 

 

 




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 18:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31