Мәскеу-Алматы бағытындағы ұшақтан ақау шығып, шұғыл қонды

29 қыркүйек 2022, 10:26

Мәскеу-Алматы бағытында келе жатқан жолаушылар ұшағы тежеу ​​жүйесіндегі техникалық ақау туралы сигналдан кейін Шереметьево әуежайына шұғыл қонды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН.ТВ телеарнасына сілтеме жасап.

"Мәскеу-Алматы рейсі ұшу барысында оң жақ тежеу ​​жүйесінің істен шыққаны туралы хабарламаға байланысты Шереметьево әуежайына қайта оралды", - делінген хабарламада.
Телеарна мәліметінше, ұшақтың қонуы қалыпты режимде өткен, зардап шеккендер жоқ. Оқыс жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Tengrinews.kz