Мәскеу – Нұр-Сұлтан бағтымен ұшқан ұшақ шұғыл Мәскеуге оралды

27 шілде 2022, 10:18

Мәскеу – Нұр-Сұлтан рейсін орындаған Superjet ұшағынан ақау шығып, Шереметьево әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ТАСС ақпарат агенттігінің жазуынша, 26 шілдеде Мәскеу – Нұр-Сұлтан рейсін орындамақ болған Superjet ұшағы ақауға байланысты Шереметьевоға оралды.

 

Ұшақ бір сағаттай ұшып жүріп, сәтті қонды.

 

Шереметьево әуежайы сайтында жазылғандай, 26 шілдеде Нұр-Сұлтанға рейсті «Россия» әуе компаниясының Superjet 100 ұшағы орындауға тиіс болған.