Матч кезінде «Астана Арена» стадионының төбесі құлады

07 наурыз 2022, 02:09

Футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші турындағы  "Астана" мен "Шахтер" кездесуінің екінші таймында стадион шатырының бір бөлігі құлап түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz сайтына  сілтеме жасап.

Жанкүйерлердің ешқайсысы зардап шекпегені хабарланды. Қауіпсіздік қызметі барлық жанкүйерлерді шатыр сынықтары құлаған N2 секторынан алып шықты.

"Астана Арена" – еліміздегі ең үлкен стадион.  Стадионда Қазақстан құрамасының матчтары мен қазақстандық командалардың еуропалық жарыстардағы кездесулері тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Құрылыс құны шамамен 200 миллион долларды құрайды.