Оқиға

«Мені кепілге алған жоқ»: Атыраудағы ломбард директоры өзін «ұрлап кетті» дегендерге жауап берді (ВИДЕО)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Күні кеше Ақтөбеде қаржы пирамидасына алданған халықтың өздері ақша өткізген ломбардтың тас-талқанын шығарғаны туралы қазақстандық БАҚ жарыса жазған болатын. Осы оқиғаға қатысты Атыраудағы ломбардтардың бірінің директорын клиенттер "кепілге алғаны" туралы ақпарат тараған. Ал ломбард директоры өзін ешкімнің кепілге ұстап отырмағанын айтып, видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Атырау облысының полициясы ломбард директорының видеосын жариялады.

 

"Сәлеметсіздер ме!? Менің аты-жөнім - Тукушиев Арман (ауызша айтуы бойынша). Мен осыдан бірер сағат бұрын желіде пайда болған сыбысты теріске шығарғым келеді. Ол қауесетте мені "ұрлап кетіп, кепілге ұстап отыр" деген. Бұл олай емес. Мені кепілге ұстап отырған жоқ. Қазіргі кезде Атырау қаласының полиция басқармасындамын. Менде бәрі жақсы", - деп үндеу жариялаған жігіт өзі жайлы "кепілде отыр" деген сыбыстың нүктесін қойды.

 

Осы орайда, полиция басқармасындағылар да оның сөзін растады.

 

"22 ақпанда полиция басқармасына бір әйел арызданды. Арызданушы әйел Атыраудағы үйлердің бірінде ер адамның заңсыз тұтқында отырғанын мәлімдеді. Бізге келген ақпарат бойынша, жедел тергеу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде 1995 жылы туылған ер адам "ХоумАвтоИнвест" ЖШС атқарушы директоры екендігі анықталды. Айтуынша, ол ЖШС салымшыларымен келіссөз жүргізу мақсатында пәтерге барған. Оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері тіркелмеді", - деп атап өтті полиция баспасөз қызметі өкілі.

 

Атырау облыстық ПД өкілдерінің айтуынша, 21 ақпаннан бері Атырау тұрғындары алаяқтардың заңсыз әрекеттеріне шағымданып жатыр екен. Қазіргі кезде "Гарант24 Ломбард", "НұрАлиКапитал", "Гарант24 Ломбард" ЖШС-не байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Бұған дейін Атырауда клиенттердің "Home Avto Invest" атты ломбард директорын кепілге алғаны туралы мәлімет тараған болатын.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch




Көрілген: 551    Пікірлер: 0

сенбі, 22.02.2020, 16:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30