Оқиға

Мен сені тауып аламын: Елордалық ер адам полицейлерге қоқан-лоққы жасады (видео)

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда 30 жастағы ер адам карантинге жабылған аумаққа кірмек болып, полицейлерге қарсылық көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

 

Полицейлерге балағат сөздер айтқан ер адам видеоға түсіп қалған.

 

Бұл оқиға Алматы ауданында карантинге жабылған Рысқұлбеков, Абылай хан және Мұстафин көшелерінде болған. Мұнда тұрғындардың жүруіне және көлік қозғалысына тыйым салынған.

 

"21 cәуірде шамамен сағат 08.30-да 30 жастағы ер адам карантин аумағына кірмек болды. Құжат көрсетуін талап еткен тәртіп сақшыларына бағынбай, балағат сөздер мен ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Кейін ер адам Алматы аудандық полиция басқармасына жеткізілді", - дейді полицейлер.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Жарияланған видеода ер адамның полицейлерге қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны көрінеді.

 

"Сен кімге тиісіп тұрғаныңды білесің бе? Мен сенің қайда тұратыныңды тауып аламын. Айтқан сөзім осы. Мен Пабло Эскобармын! Менімен байланыспа, мен сені жеп қоямын", - дейді видеодағы ер адам.

 

Оның 1990 жылғы екені анықталды. Осыған дейін бұзақылық, алаяқтық және көлікті айдап кету сияқты қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылған болып шықты.

 

Осы жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі бойынша және 379-баптың 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Полицейлердің мәліметінше, ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.04.2020, 15:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31