Оқиға

"Менің жандүнием еркек": Боянып, тырнақ жалғатқан қазақ жігітін студия көрермені ұрып тастады

  • "Менің жандүнием еркек": Боянып, тырнақ жалғатқан қазақ жігітін студия көрермені ұрып тастады

Өзін мұсылман санағанымен боянып, тырнақ жасатып жүретін қазақ жігіті көптің сынына ұшырады. Ол көпшілік алдына шығып, өз әрекетін түсіндірмек болды.


Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды.


Әділ Хэйнс 4-сыныптан бастап алғаш боянып көргенін айтады. Ал, 11-сыныпты өзін бояусыз елестете алмаған екен. Бүгінде толықтай макияжбен жүреді. Тырнағының өзіне 5 сағат уақытын жұмсайды.


"Ата-анам бастапқыда мені түсіне алмады. Қазір бәрі жақсы. Мені осылай қабылдады. Менің жандүнием еркек. Мен тек сырт келбетімнің әдемі болғанын қалаймын. Сондықтан боянып жүрем. Өзім мұсылманмын.Құранды оқығанмын. Крест белгісін тек сәндікке тағамын", - дейді ол.


Әділ басына не себепті қазақтың тақиясын киіп шыққанын да түсіндіре өтті.


"Бұл атамның тақиясы. Қазір өмірде жоқ. Алайда әруағы қолдап жүрсін деп кидім", - дейді Әділ.


Бағдарлама қонақтары Әділдің сырт келбетін әйелге ұқсатты. Қазақтың жігітіне тән қасиет емес деп бағалады. Тіпті, көрерменнің бірі студяға шығып боянған жігітті ұрып жіберді. Қауіпсіздік қызметі араша түсіп, тоқтау салды.


stan.kz




Көрілген: 1449    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.10.2019, 12:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30