Оқиға

Министр Нұр-Сұлтан маңында болған ұшақ апатына қатысты түсініктеме берді

  • © НТВ

    © НТВ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр елорда маңында болған ұшақ апатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Скляр әуе апаты болған кезде, парламент палаталарының бірлескен отырысында отырғанын, сондықтан әзірге ештеңе айта алмайтынын жеткізді.


"Мен жаңа ғана білдім, қызметкерлер оқиға орнына аттанып кетті. Ақпарат кейінірек болады", - деді министр мәжіліс кулуарында.


Айтуынша, оқиғаны тергеумен ведомствоның арнайы басқармасы айналысып жатыр.


Сондай-ақ, ол елімізде АН-2 ұшақтарын ұсынатын компаниялар жеткілікті екенін атап өтті.


"Өкінішке қарай, бұл ұшақ парктері үнемі жаңа бола бермейді, сол себепті әуе кемелері түрлі себептермен құлап жатады. Бұл жерде жеке-дара зерттеу қажет", - деді Скляр.


Нұр-Сұлтан маңындағы ұшақ апаты


Бүгін, 20 маусым күні сағат он шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданында АН-2 ұшағы құлады. Белгілі болғандай, ұшақ әуеден химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген.


Апат салдарынан бір адам – әуе кемесінің командирі қаза тапты. Ал екінші ұшқыш пен техник ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, екеуі де әл үстінде жатыр.


 




Көрілген: 269    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 14:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31