Оқиға

Министр үш жасар қызды құтқарған жігітті марапаттады

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ұлттық ұланның қатардағы қызметкері Исмаил Сардаровты үш жастағы қызды құтқарғаны үшін "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапаттады, деп хабарлады Polisia.kz.

 

Министр атынан медальді 5547 әскери бөлімінің басшысы Төлеби Шубаев табыстады. Ол әскер қызметкерге алығысын білдіріп, жедел әрекеті арқасында қыздың өміріне араша түскенін атап өтті. 

 

Естеріңізге сала кетейік, 23 тамыз күні кешкі сағат сегіздер шамасында Ұлттық ұлан қызметкері қоғамдық тәртіпті бақылау қызметі барысында Желтоқсан көшесіндегі үйдің екінші қабатында терезе алдында жылап тұрған қызды көрді. Үйдің терезі ашық болатын және оның жанында электр желілері орналасқан.

 

"Көршілері үйде ешкім жоқ екенін айтты. Біз бала құлап кетпеуі үшін жедел іске кірістік. Мен алдымен подъезд есігінің үстіндегі жақтаудың төбесіне шықтым. Сол жерде дүкен бар болатын. Сосын ақырындап оның төбесіне қарай ығыстым. Электр желілеріне жақын келдім де, дереу қызды терезеден алып, төмендегі әріптестеріме табыстадым", - дейді Исмаил Сардаров.

 

 

 

 




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 19:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31