Оқиға

Минск-Нұр-Сұлтан әуе рейсінің сегіз жолаушысынан COVID-19 анықталды

  • https://strategy2050.kz/

    https://strategy2050.kz/

Минск-Нұр-Сұлтан әуе рейсінің сегіз жолаушысы COVID-19 диагнозымен оқшауландырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

 

«Коронавирус инфекциясына тестілеу теріс нәтиже берген жолаушылар ғана ұшаққа отыруы керек. Біріншіден, бұл басқа жолаушылардың жұқтыру қаупін азайтады, осылайша бүкіл ұшақтың «сау» ұшатынына сенімділік береді», - деді №3 көпсалалы қалалық аурухана директорының орынбасары Жанар Ксанова.

 

Хабарда нақтыланғандай, ұшаққа отырар алдында ПТР сынағынан өту азаматтың жеке уақытын үнемдейді. ПТР анықтамамен келгеннен кейін ол жайбарақат үйіне қайтады.

 

«Медицина қызметкерлері әуе жолаушыларына көп еңбек пен күш жұмсайтынын ұмытпаған жөн», - деп атап өтті Жанар Ксанова.

 

Дәрігерлер халықаралық рейстерде анықталған оң нәтижелердің негізгі бөлігі аурудың симптомсыз түрі екенін, бұл өз кезегінде басқаларға инфекция көзі болуы мүмкінін айтады. Адам өзінің инфекцияның симптомсыз тасымалдаушысы екенін білмей, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін тудыруы мүмкін.

 

«6 қазан мен 9 қараша аралығында карантин стационарында зертханалық зерттеулерден кейін коронавирус инфекциясының симптомсыз 8 тасымалдаушысы анықталды. Олардың бірі 9 қарашада Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен келді. Қазіргі уақытта үй карантинінде оқшауланған. Барлығы осы уақыт аралығында 164 рейс, 3211 жолаушы қабылданды», - делінген хабарда.

 

 

kaztag.info/kz




Көрілген: 218    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 02:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31