Оқиға

Мурманскіде қазақтардың төбелесі: ҚР СІМ оқиғаға түсінік берді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ресейдің Мурманск облысында вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқандар арасында төбелес болды. Олардың арасында қазақтар бар. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Мурманск өңірінде қазақтар өзге ұлт өкілдерімен төбелескені туралы видеолар тарап жатыр.

 

«23 наурыз күні, сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде вахталық жұмысшылардың, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес орын алды. Бұл жағдай тұрмыстық оқиға сипатына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар және құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ. ҚР Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы мәселені өз бақылауында ұстауда», - деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

 

 

 

 




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.03.2021, 08:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31