Оқиға

Мұз құрсауында қалып кеткен аққуды құтқарды

  • Мұз құрсауында қалып кеткен аққуды құтқарды

    Мұз құрсауында қалып кеткен аққуды құтқарды

Солтүстік Қазақстан облысында көлде аққу мұз құрсауынан шыға алмай қалған, - деп жазады inform.kz.

Құтқарушыларға Петропавл маңындағы көлде екі аққудың қалып қойғанын тұрғындар хабарлаған.
Құтқару бөлімінің бас құтқарушысы Данияр Бәділов: «Қазір көлдің бетіне шығу өте қауіпті. Мұндай уақытта мұздың қатқанын күтетінбіз. Қазір мұздың қалыңдығы небары – 6 см. Әп-сәтте ойылып кетуі мүмкін. Арнайы шанамыз бар. Екеуіміз мұз бетіне шықсақ, екі құтқарушы жақын жерде көмек беруге дайын тұрады. Мұз құрсауында қалған екі аққудың біреуін ғана ұстадық. Екіншісі ұшып кетіп, қамыс арасына жасырынды. Жылда осы уақытта жылы жаққа ұша алмай қалған жабайы құстарды құтқарамыз. Былтыр 11 аққуды мұздан алып шықтық», – деді.
СҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспаловтың айтуынша, 2017 жылы 16 құсты құтқарған. Көбінесе, қанаты қатайып үлгермеген балапан құстар қалып қояды. Аймаққа жазда 4 мыңнан астам аққу келеді. Тобынан қалып қойған жыл құстарын мамандар қамқорлыққа алып, қыстан аман-есен шығуын қадағалайды.

aikyn.kz




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.11.2021, 10:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31