Наразы топтан полицейді қорғап қалған жігіттің әрекеті көпті сүйсінтті (видео)

16 қаңтар 2022, 17:15

Атырау облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде полиция қызметкерлерін жас жігіттер қорғап қалды. Видеоны оқиға куәгерлері Newscorr-ға жіберген. Полицейлерді қалқанмен қорғап тұрған жігіт кім екені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Атырау облысында түсірілген бейнежазбадан жас жігіттер полицейлерді наразы топтан қорғап қалғанын байқауға болады. Жаппай тәртіпсіздік кезінде олар полиция қызметкерлерін ешкімге ұрғызбады. Бейнежазбадағы жігіттердің кім екені әзірге белгісіз.

 

Экспресс К жаңа сервистің іске қосылғаны туралы бұған дейін жазды. Енді кез-келген азамат қалауына қарай маңызды мәселелер мен ақпараттарын онлайн-режімде сайтқа ұсына отырып, қаржы таба алады.