Newscorr: Қарсаққа жем бола жаздаған құлын аман қалды

01 маусым 2022, 11:26

Қызылорда облысында жайлауда қарсақтың ініне түсіп кеткен құлынды аңшылар құтқарып алды. Енесі де құлынының қасынан бір елі кетпеген. Бие күдерін үзіп, ұзап кеткенде құлыны ит-құсқа жем болғандай екен.

Өкінішке қарай, кейбір аналар баласын дәл осы жануардай қорғай алмайтыны рас, деп жазады Экспресс К.

Newscorr-ға бейнежазба жолдаған автордың айтуынша, аңшылар құлынды әзер дегенде құтқарған. Өйткені енесі құлыны жатқан шұңқырдың маңына тірі жанды жолатқысы жоқ. Видеодан баласы үшін жанын құрбан етуге даяр ананың шын бейнесін көруге болады.

Құлынды адамдар құтқарып қалды. Ал куәгерлер бұл ақырына дейін тұрған анасының арқасы дейді.