Newscorr: Тәртіпсіздік кезінде арматура таратқан сәттің видеосы

17 қаңтар 2022, 19:57

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде көшеге шыққандарға арматура таратып жатқан сәтті тұрғындардың бірі камераға түсіріп алған. Оның бейнежазбасы Newscorr сервистік қызметіне келіп түсті, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде шеруге шыққандардың Төле би көшесімен алаңға барғаны баршаға белгілі. Сол бүлік кезінде бірнеше адамға белгісіз біреулердің арматура таратқан сәтін жергілікті тұрғын бейнекамерасына түсіріп алыпты. Видеода алдымен шеруге шыққандардың айғайлап, ұрандап жүріп бара жатқанын көруге болады. Бір сәтте Газель маркалы көлігін тізгіндеген белгісіз азаматтар жүк салғыштан көшеге қысқа темірлер лақтырады. Арасында жүгіріп барған азаматтардың қолына да үлестіріп жүр.

 

Бейнежазбада көше ортасына сүйрете шығарылып, кейін ғаламторда кеңінен таралған темір бұқаның да үстінде бір жігіттің отырған сәтін байқайсыз.

 

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!

 

 

Бұған дейін Алматыдағы бүлікшілердің әр әрекетін Экспресс К жазған болатын. Кейін тәртіпсіздік соңы тонауға ұласты. Жағдай тұрғақтанғаннан кейін қаладан 200 тоннадан аса қоқыс шығарылды.

 

Естеріңізге сала кетейік, енді кез келген азамат Newscorr сервистік қызметіне ақпарат беріп, табысты бола алады.