Newscorr: Түркістандық мал дәрігері жылқыны бір қолымен құлатты

06 маусым 2022, 10:42

Мал дәрігері ту биеге екпе салу үшін, оны бір қолмен құлатып алған.

Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына жолдаған видеода ересек кісінің ту биені оңай жыға салғаны байқалады.

- Түркістан облысында Хасен есімді мал дәрігері ту биені бір өзі алып соқты. Ішіне құрт түскен жануарға екпе салу үшін оны жығу керек болған. Бірнеше жігіт тұрғанына қарамастан малдәрігері оны қиналмай құлата салды, - дейді видео авторы.