Нұр-Cұлтанда 31 жастағы әйел 16 қабаттан секіріп кетті

16 маусым 2022, 12:46

Бүгін Нұр-Сұлтанда 31 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үй кешенінің он алтыншы қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz. 

Қайғылы оқиға Sat city тұрғын үй кешенінде болған. 

Әлеуметтік желіде Сығанық көшесінде орналасқан Sat city тұрғын үй кешенінінің ауласында жатқан қыздың мүрдесінің суреті тарады. Суретте қыздың бетін ақ матамен жауып тастаған. 

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусым күні "102" нөміріне Е-753 көшесіндегі үйдің ауласында мәйіт табылғаны туралы ақпарат түскен.

“Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорданың 31 жастағы тұрғыны болып шықты”, — делінген хабарламада.
Полиция марқұмның 16-қабаттан секіріп кеткенін нақтылады.

Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар сараптама тағайындалған.

Stan.kz.