Оқиға

Нұр-Сұлтан әуежайында ер адам қайтыс болды

  • Нұр-Сұлтан әуежайында ер адам қайтыс болды

    Нұр-Сұлтан әуежайында ер адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтанның халықаралық әуежайында ер адам көз жұмды. Марқұм Мәскеу арқылы Вьетнамнан ұшып келген туристердің арасында болған.

"Ер адам өзін жайсыз сезініп, бір уақытта эпилепсия кезіндегідей селкілдей бастады. Оған жұрт көмек көрсетпекші болды, бірақ ол көз жұмды", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне рейс жолаушыларының бірі.

 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады.

"Бүгін жедел жәрдем қызметіне сағат 18:58-де хабарлама түсті, сағат 19:06-де бригада әуежайда болды. Өкінішке қарай, жедел жәрдем жеткенше Қазақстан Республикасының азаматы қайтыс болды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді", - деді басқармадағылар Sputnik-ке.

Жолаушылардың айтуынша, ер адамның бойында коронавирус белгілері болмаған.

Scat әуе компаниясының хабарлауынша, паспорт тексеретін жерде ер адамның жүрегі ұстап қалған.

"Ұшақ ішінде оның жағдайы жақсы болды, ол ешбір мәселемен бортсеріктерге жүгінген жоқ. Жанында адамдар болған", - деді компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ұшып келгендердің барлығы елордадағы қонақ үйлердің бірінде жабдықталған стационарға карантинге жатқызылды. Олардан коронавируске анализ алынады. 




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31