Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің біріндегі дүрбелеңге не себеп

09 қазан 2021, 14:02

Нұр-Сұлтанда терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб "Нұр-Сұлтан-Антитеррор-2021" оқу-жаттығуын өткізіп жатыр.

 

Горький көшесі, 22 мекенжайында орналасқан №29 орта мектептің аумағындағы оқу-жаттығу бүгін сағат 8:00-де басталды, ол 13:00-ге дейін жалғасады.

 

"Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарында терактіні жою дағдыларын тәжірибе жүзінде қолдану", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Оқу-жаттығулар жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылғаны аталып өтті.

 

"№29 орта мектептің аумағында көлік қозғалысын шектеу шаралары қарастырылған", - деп толықтырды полиция.

 

Тәртіп сақшылары астаналықтарды өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

 

 

 

sputnik.kz