Оқиға

Нұр-Сұлтан қаласында жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.


«Сағат 18.06-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Алматы ауданының Яблочная көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің шатыры жалындап жанып жатқанын анықтады. Тілсіз жаудың таралуы сағат 18:36-да тоқтатылып, 18:46-да толығымен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 70 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан 2016 және 2019 жылдары туған балалар орта және жеңіл дәрежеде көмірқышқыл газына уланған. Сондай-ақ 2019 жылғы баланың бетін күйік шалған (7%). Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ресми өкіл.


Балалар №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Жалынды ауыздықтауға елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 25 адам мен 4 техника жұмылдырылды.


 




Көрілген: 192    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 23:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31