Оқиға

Нұр-Сұлтан-Қосшы бағытындағы №303 автобус КамАЗ жүк көлігі соқтығысты

  • фото: aikyn.kz

    фото: aikyn.kz

Нұр-Сұлтанның іргесіндегі Қосшы елді мекенінде жолаушылар автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, STC компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Кеше сағат 14:05-те «Лесная поляна» тұрғын үй алабы маңындағы Қарқаралы тас жолы мен Республика көшесінің қиылысындағы бағдаршамның істен шығуы салдарынан №303 бағдарындағы автобус пен «КамАЗ» автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус ішінде 25-ке жуық жолаушы болды», – деді дүйсенбідегі мәлімдемесінде компания өкілі.

 

Ресми мәліметте автобус жүргізушісі сағатына 17 шақырым жылдамдықпен қосалқы көшеден шығып, КамАЗ жүк көлігімен қақтығысқан.

 

Қазіргі мәлімет бойынша, апат салдарынан Нұр-Сұлтан-Қосшы бағытындағы №303 бағдарлы автобуста оннан астам адам зардап шеккен.

 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың сол және алдыңғы жағы зақымдалды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Оның қоғамдық көліктегі тәжірибесі – 25 жыл. Рейс алдындағы медициналық тексеруден сағат 05:00-де өткен. 2019 жылы біліктілікті жоғарылату орталығында оқыған» делінген ресми ақпаратта.

 




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 09:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31