Нұр-Сұлтанда 17 жастағы қыз бір апта бұрын жоғалып кетті

23 мамыр 2022, 23:37

Елордада осыдан бір апта бұрын үйінен шығып кеткен 17 жастағы қыз табылмай жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге тараған бұл хабарды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті растап, қыз баланы іздестіру әлі жүріп жатқанын мәлім етті.

 

Таратылған ақпаратқа қарағанда, 2005 жылы туған жасөспірім 16 мамыр күні үйінен футбол ойнауға шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

 

Үстіне қара футболка, қара трико, аяғына сұр кроссовка киген.

 

Қыз бала жайында дерек білетін азаматтар астана еріктілерінің Instagram-парақшасында жарияланған +77759126620, +77014926249 ұялы телефон нөмірлеріне немесе 102-ге қоңырау соға алады.