Нұр-Сұлтанда автобус өртенді – видео

25 қазан 2021, 21:56

Елордада автобус отқа оранды.

 

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. "Целинный" аялдамасында автобус өртенгені хабарланды.

 

Төтенше жағдайлар департаменті болған оқиға туралы сағат 18:44-те хабар түскенін айтты.

 

"Байқоңыр" ауданы Кравцов көшесі, 9А мекенжайында аялдаманың жанында маршруттық автобус өртенді. Оқиға орнына №17 өрт сөндіру бөлімінің жеті қызметкері мен бір техника жетті.

 

 

№28 автобустың қозғалтқышы маңынан өрт шыққаны анықталған. Өрт сөндіру бөлімше қызметкерлері келгенге дейін сөндірілді. Төтенше оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

 

 

 

 

sputnik.kz