Оқиға

Нұр-Сұлтанда автобуста төбелес шығарып, баллоншадан газ шашқан (видео)

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

Нұр-Сұлтанда автобуста төбелес шығарып, баллоншадан газ шашқан бұзақы ұсталды. 33 жастағы Елорда тұрғыны кеше қоғамдық көлікте жолаушылардың бірімен жаға жыртысып, газ боллонын шашқан еді.


Әрі онымен қоймай көзі ашып қиналған жігітті далаға алып шығып тағы төпештей жөнелген. Қызу қанды азаматты автобустағы әйелдер зорға сабасына түсіріп, ажыратты.


Айта кетерлігі, салон ішіндегі өзге жолаушылар да бұрышты баллоннан уланғандықтан жедел жәрдем шақыртуға тура келген. Ал, төбелес шығарған елорда тұрғыны оқиға орнынан қашып кеткенімен, бірден ұсталды.


Софья Қылышбекова, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:


- Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Осы бап бойынша екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Видео: www.ktk.kz/kz/news/video/2019/08/16/127756/


ktk.kz


 




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

сенбі, 17.08.2019, 21:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30