Оқиға

Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа түсіп кетті

  • Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа түсіп кетті

    Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа түсіп кетті

Құтқарушылар әйелді шығарып алу үшін саты қолданды. Ол оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді 

Елордалық төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары кәріз құдығына құлап кеткен әйелді шығарып алды.

Оқиға 13 қаңтар күні таңертең болған. Тоғыз құтқарушы сатының көмегімен зардап шеккен әйелді құдықтан шығарып алды. 

"Жедел жәрдем құдыққа түсіп кеткен әйелді №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Қазір жағдайы қанағаттанарлықтай, ол үйіне жіберілді", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Департаменттің Sputnik Қазақстан тілшісіне берген ақпараты бойынша, кәріз құдығы Қабанбай батыр даңғылындағы "Назарбаев зияткерлік мектебі" аялдамасына жақын маңда орналасқан. 

Айта кетсек, бір күн бұрын астанада қатты боран соғып, қала көшелерінде қар үйіліп қалды. Sputnik Қазақстан терең құдықтың не себепті ашық қалғанын анықтау мақсатында қалалық әкімдікке сауал жолдады.




Көрілген: 201    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 08:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31