Оқиға

Нұр-Сұлтанда әйелін өлтірген ер адам өзіне қол жұмсады

  • Нұр-Сұлтанда әйелін өлтірген ер адам өзіне қол жұмсады

    Нұр-Сұлтанда әйелін өлтірген ер адам өзіне қол жұмсады

Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 16 қаңтарда елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Редакция жолдаған сауалға полиция қызметкерлері туыстар арасында жанжал туындағанын хабарлап, жауап берді.

"Әйелі пышақ жарақатынан бірден өлім құшқан. Кейін оның әпкесіне шабуылдап, пышақ тақаған", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
Марқұмның әпкесі пәтерден қашып шығып, көршілерін көмекке шақырған. Айғай-шуды естіген көршілері полиция қызметкерлеріне хабар берген.

"Пәтер есігін ішінен жауып алған. Келген полиция жасағы есікті бұзып кірді. Пәтерден 46 жастағы әйел мен оның күйеуі өлі табылды. Күйеуі өзін пышақтап тастаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы ер адамның өлгенін тіркеді", - делінген ПБ хабарламасында.
Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 15:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31