Оқиға

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер тірі туған баланы, «өлі туылды» деп рәсімдеген (ВИДЕО)

  • Нұр-Сұлтанда дәрігерлер тірі туған баланы, «өлі туылды» деп рәсімдеген (ВИДЕО)

    Нұр-Сұлтанда дәрігерлер тірі туған баланы, «өлі туылды» деп рәсімдеген (ВИДЕО)

Дәрігерлер болса, бізден ағаттық кеткен жоқ деп ақталды. Құжатта жіберілген қателікті мойындап, ата-анасынан кешірім сұрапты.

Астаналық дәрігерлер жаңа туған сәбиді ата-анасымен үйіне жіберіп, ал құжатқа "өлі туылды" деп жазып берген. №2 көпбейінді аурухананың ақ халаттылары қалай қателікке бой алдырды? Бұл аздай науқастың кесерь тілігі асқынып кетіп, қайта ауруханаға түскен. Дәрігерлердің салғыртығы ма? Әлде жауыпсыздығы ма? 

Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

25 жастағы келіншектің ай-күні толып 21 қазанда қыз баланы кесір тілігі арқылы дүниеге әкеледі. Ана мен бала 5 күннен соң перзентханадан шығарыпты. Ал, құжаттарда "бала өлі туылды" деп толтырып берген.

Темірлан ЫРЫСКЕЛДІҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Жоқ, балам өлі туылған емес қызым үйде күйеуім қарап жатыр деген кезде сіздің выпискаңызда бала өлу туылған деп тұр дейді.

Бірақ мұнымен іс бітпепті. Күйеуінің айтуынша, үйге шығысымен әйелінің жарасы іріңдеген. тіпті дене қызуы 40- градусқа дейін көтеріліп, есінен танып қалғанын айтты.

Темірлан ЫРЫСКЕЛДІҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Былай шыққан кезде қатты ауырып шықты.  Күніге іріңдеп тұрды, күніге өңдеп тұрдық. Өздерінің жұмыстарында тиісі жазасын алу керек. Себебі, жазасын алмайтын болса, ол кейінде қайталанады. Баласын жоғалтып алуы мүмкін дегендей ғой.

Жаңа туылған сәбиге "Томирис" деп есім берген. Ол ана сүтімен емес дәріханадағы қоспамен тамақтануда. Қазір оған нағашы әжесі қарап отыр. Айтуынша, қызы жарасы іріңдей бастаған соң  дәрігерлер барған. Бірақ олар уақытылы көмек көрсетпей, бір-біріне сілтеп жіберген.

Айсұлу ИСАБЕКОВА, ӘЖЕСІ:

Басқа хирургияға барсын деп айтқан. Ол баласын көтеріп біз жоқпыз өзі жүрген. Жолдасы жұмыста болған. А так роддом өздері жауап беру керек сол гинеколог врачтары. Бұларды жаздырмай шығарып жіберген. Ал ішіндегі іріңі мен суы кетіп жатыр мама деді.

Дәрігерлер болса, бізден ағаттық кеткен жоқ деп ақталды. Құжатта жіберілген қателікті мойындап, ата-анасынан кешірім сұрапты.

Ербол ӘУБӘКІРОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ №2 КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ БОСАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Техникалық ахау бойынша "баланың өлі туылды" дегені туралы жазғаны үшін біз басымызбен көтереміз. Отбасынан, әкесінен кешірім сұрады дәрігер. Оған тәртіптік жаза - сөзгіс жарияланды. Ол кісі 6 ай бойы ешқандай премия ала алмайды. Тек қана өзінің айлығына жұмыс істейді.

Дейтұрғанмен қазір жас ананың денсаулығына төнген қауіп сейілген. Ақ халаттылар ішкі ағзаларына ешқандай зиян келмеген деп отыр. Ем-домын әлі жалғастыруда.  

Skifnews.kz




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.11.2020, 22:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31