Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Нұр-Сұлтанда екі азамат суға секіріп кеткен 15 жастағы қызды құтқарып алды (видео)

25 қазан 2021, 09:22

Нұр-Сұлтанда екі жігіт көпірден өзенге секіріп кеткен 15 жастағы қызды құтқарып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

"24 қазан күні сағат 14-33-те Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару отрядының құтқарушылары "Атырау" көпірінен жасөспірім қыз баланың суға секіріп кеткендігі туралы хабарлама алып, оқиға орнына аттанды. Сол жерден өтіп бара жатқан екі адам баланың суға секіріп кеткенін көріп, іле-шала суға сүңгіген. Құтқарушылар жеткен кезде екі адам ес-түссіз жасөспірімді жағаға жеткізуге тырысып жатты. Құтқарушылар баланы қайыққа салып алып, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін шұғыл жедел құтқару отрядының орталығына аттанды”, – делінген қалалық ТЖД хабарламасында.

 

Абырой болғанда, бойжеткен аман қалған. Оқиға орнына Полиция департаменті мен жасөспірімнің ата-анасы шақырылды.

 

Қазіргі таңда жасөспірім қызды құтқару үшін суық суға сүңгіген екі ер азамат іздестірілуде.