Оқиға

Нұр-Сұлтанда иттің арқасында 21 жастағы бойжеткен аман қалды

  • Нұр-Сұлтанда иттің арқасында 21 жастағы бойжеткен аман қалды

    Нұр-Сұлтанда иттің арқасында 21 жастағы бойжеткен аман қалды

Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, бойжеткеннің суға секіріп кеткенін айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына патрульдік полиция жіберілген.

Белгілі болғандай, таңғы сағат 11:00 шамасында әйел Фиалка атты итімен бірге Еуразия университетіне қарама-қарсы Пушкин көшесінің бойымен серуендеп жүрген.

Бір кезде оның иті мазасыздық танытып, әйелді жұлқылай бастаған. Әйел иті шақырған жаққа барған кезде бойжеткеннің өзенге секіріп кеткенін көрген.

Қуанышқа орай, осы маңды Нұр-Сұлтан қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясының инспекторы, полиция майоры Қанат Әбдіқалықов тексеруге келген.

Ол жерде жол белгілерін орнату жұмыстары жүріп жатқан. Абыржыған әйел оған көмек сұрап барған.

«Полицейлер ЖШС жұмысшыларымен бірге оқиға орнына жүгіріп барған. Осы кезде бойжеткен қимылсыз етпетімен суда жатқан. Ер адам мұздай суға сүңгіп, қызды алып шықты. Жағалауда полиция қызметкерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бойжеткен есін жиып, жедел жәрдеммен кетті», - делінген хабарламада.

Полицейлер 21 жастағы бойжетеннің неліктен бұл әрекеткен барғанын анықтап жатыр.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті бейжай қарамайтын қала тұрғындарына алғысын білдіреді.




Көрілген: 790    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 23:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31