Оқиға

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес болды – видео

  • © Sputnik / Анна Соловьева

    © Sputnik / Анна Соловьева

Елордада түнгі клуб маңында жаппай төбелес болды, деп хабарлады астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

"Сағат таңғы 5.15-те полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнекамерасына түнгі клуб маңындағы төбелес түсіп қалды. Оқиға Қабанбай батыр даңғылындағы "BaoBao" клубының жанында болған. Ол жерге патрульдік полицейлер барды. Барлық қатысушылар Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді", - делінген полиция ақпаратында.

 

 

Жігіттер бір-бірімен сөзге келіп қалып, кейін төбелеске ұласып кеткені анықталды.

 

Ұсталғандардың бәрі алкогольдік ішімдік ішкен.

 

Қоғамдық тәртіп бұзушыларға қатысты 440-бапқа сәйкес ("қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу") әкімшілік өндіріс қозғалды. Төбелес фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы ("бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

 

Мекеме иесі де карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес ("халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") жауапқа тартылады.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 3224    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.07.2021, 21:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30