Оқиға

Нұр-Сұлтанда жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит шықты

  • Нұр-Сұлтанда жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит шықты

    Нұр-Сұлтанда жеті жастағы қыздың асқазанынан 100 магнит шықты

Магнит қыздың асқазанынан бөлек мұрнының ішінде де болған. Тіпті мұрынға зақым келтіріп үлгерген

Елордалық хирургтар асқазаны магнитке толып кеткен жеті жастағы қызды құтқарды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өткен аптада магнитті-резонансты томографиялық зерттеу үшін ауруханаға түскен 7 жастағы қызға операция жасалды.

Баланың мұрнын тексеру кезінде дәрігерлер оның ішінде де магнит бар екенін анықтады. Магнит мұрынның жақтауын зақымдаған.

"Осыдан кейін бала рентгендік зерттеуге жіберілді, ол жақта да асқазанда магниттердің жиналғаны анықталды. Нәтижесінде біз 100-ден астам кішкентай магнитті шығардық. Қазіргі уақытта тексеру және емдеу толық көлемде жүргізілуде", – деді аурухананың хирургиялық блогының жетекшісі Ринат Байгиреев.

Дәрігердің айтуынша, егер бала магнитті жұтып қойса, ол өңеште тіреліп қалады немесе асқазанға түседі.


"Егер магниттің өткір, үшкір тұстары болса, өңештің шырышты қабаты зақымдануы мүмкін. Ал бөгде заттар асқазанда бірнеше күн жатып қалса оның салдары ауыр болады. Ол негізінен табиғи түрде өзі шығады. Егер шықпай, асқазанда ұзақ уақыт болса жағдай қиындайды. Олар асқазан-ішек жолдарының әртүрлі бөліктеріне жабысып қалады. Тіпті перетонит туындауы мүмкін", – дейді маман Нұржанов. 

Өткен жылы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына өңеш, асқазан, асқазан-ішек жолдары және бронхтарға бөгде заттар түсіп кеткен 162 бала көмекке жүгінген. 

"Негізінен түйме, моншақ, пульт батареялары сияқты ұсақ заттарды жұтып қойған 1 мен 5 жас аралығындағы балалар келеді. Дәрігерлер шығарған бөгде заттардың 17 пайызы – магниттер. Көбінесе мұндай жағдайлар ойнап жүріп, қараусыз қалғанда болады", – дейді хирург-дәрігер Серікжан Нұржанов.

sputnik.kz




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31