Оқиға

Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Нұр-Сұлтанда Боталы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

 

 

Төтенше жағдай 19 қарашада болды. Сағат 15:29-да төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшесі Боталы көшесі, 26 мекенжайына шықты.

 

"Өрт сөндірушілер келген соң 18 қабатты "Европейский" тұрғын үй кешенінде №1 кіреберісте 10-нан 18-қабатқа дейін шахтада электр сымдары жанғаны анықталды. Жалын сағат 16:14-те оқшауланып, 16:17-де сөндірілді", - деп хабарлады елорданың төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

 

Өрт сөндірушілер 6 адам, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Оқиға орнына департаменттің жеке құрамынан 22 адам мен алты техника жұмылдырылды.

 

Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан үйден көмек сұраған адамдардың даусы естілген. Қазірге дейін зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

 

 

 

 

 




Көрілген: 678    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 17:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31