Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Нұр-Сұлтанда нөсер жауынның салдарынан университет пен қонақүй ғимаратын су басты

08 тамыз 2022, 16:09

Желіде Нұр-Сұлтанда "ЭКСПО-2017" көрмесі аумағында орналасқан қос ғимарат толассыз жауыннан кейін су астында қалған видеосы жарияланды. Олар – Hilton Astana ультразаманауи қонақ үйі мен Astana IT University оқу орнының ғимараты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желі қолданушыларының сөзінше, Hilton Astana ультразаманауи қонақүйін су басуға байланысты адамдар эвакуацияланған. Ал Astana IT University-нің төбесі су кету салдарынан опырылып түскен.

Видеода судың төбеден ағып, ғимараттың ішін басқаны көрсетілген. 

"Астана IT университетінде оқу күні осылай басталды", – деп жазылған видеоның астында. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда Кенесары көшесі мен тағы бірнеше көшені су басты.

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 8 тамызда күндіз нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайтынын хабарлады.