Нұр-Сұлтанда тұрғындар тегін тамақ үшін бір-бірін таптап өлтіре жаздады

06 тамыз 2022, 18:02

Таласқа түскен топ адам алдынан шыққанның бәрін жайпап өткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Елордада фаст-фуд сататын орындардың бірі ашылуына орай тегін тамақ тарататыны жөнінде хабарлама беріпті.

 

Аталған видео әлеуметтік желіде жарияланды.

 

Жарнаманы көріп, сауда нүктесінің алдына жүздеген адам жиылған. Салдарынан ұйымдастырушылар тегін тамақтануға келген тұрғындарды игере алмай қалыпты.

 

Соңында фаст-фуд толы сөмкені ұстаған жігіт көше бойымен қашуға мәжбүр болған. Жиналған жұрт оны жабылып қуып, дорбасындағы тағамды түгел талап әкеткен.