Оқиға

Нұр-Сұлтандағы 9 жасар қыздың өлімі: әкімдік қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты

  • © yandex.com

    © yandex.com

Елорданың білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев "Ханшатыр" сауда және ойын-сауық орталығының бассейнінде тоғыз жастағы қыздың көз жұмуына қатысты мән-жайды айтты.


№10 орта мектеп жанындағы лагерьдің балалары бассейнге демалуға барған. Бұл лагерьге балалар ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады екен.


"Балалар ата-аналарымен бірге бассейнде шомылып жүрді. Мектеп әкімшілігі мен "Ханшатырдың" құтқарушы инструкторлары балалардың қауіпсіздігі үшін барлық шараны қабылдаған. Оқиғаның қорытындысы мен себебін тергеу аяқталған соң ғана айта аламыз", - деп хабарлады Жекебаев.


Мектеп жанындағы лагерьдің 200 баласымен бірге 24 тәрбиеші мен тәлімгер келген. Сонымен қатар "Ханшатыр" сауда және ойын-сауық орталығының жоғарғы қабатында орналасқан Sky Beach Club жағажай клубының үш құтқарушысы мен менеджері де болыпты.


Нұр-Сұлтан әкімдігінің өкілі берген мәлімет бойынша, қаза болған оқушы көпбалалы отбасыдан шыққан, 1-сыныпта оқиды. Сауда орталығында жұмыс істейтін медициналық қызметкер балаға алғашқы көмек көрсеткенімен, өміріне араша түсуге мүмкіндік болмады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері қыздың көз жұмғанын жеткізді.


Енді басқарма елордағы барлық лагерьді тексергелі отыр.


Бұған дейін полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойына тергеу жүріп жатқанын хабарлаған болатын.


Sputnik


 




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.06.2019, 21:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31